Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкенттегі жаға ұстатар қылмыс: жасөспірім жұмыс іздеп келген әйелді 16 рет пышақтаған

1 Тамыз 2025, 15:47
2623
Бөлісу:
 - архив/ Арман Мухатов
Фото: - архив/ Арман Мухатов

Шымкентте жоғалып кеткен 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның денесі бірнеше күннен кейін табылып, бұл жайт бүкіл елді дүр сілкіндірді. Қайғылы оқиға интернеттегі жұмыс туралы хабарландырулар арқылы жасалатын қылмыстардың қауіптілігін көрсетіп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Диана 2025 жылғы 21 шілдеде үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол "үй жинаушы керек" деген хабарландыруға сеніп, сол арқылы белгісіз мекенжайға барған. Сол жерден қайтып оралмаған жас әйелдің денесі кейін қоқыс маңынан табылды.

Шымкенттегі жаға ұстатар қылмыс: жасөспірім жұмыс іздеп келген әйелді 16 рет пышақтаған
Фото: lider.kz

Lider.kz волонтерлары мен адвокат Ләззат Рақышева бұл ақпаратты алғаш болып қоғамға жеткізді. Жәбірленушінің туыстары адвокатқа хабарласып, болған оқиғаны баяндаған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 17 жастағы жасөспірім жігіт жұмыс іздеп келген қызды 16 жерінен пышақтап, денесін қоқысқа тастап кеткен. Күдікті ұсталды.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кең тарап, қоғамда интернет арқылы жұмыс іздеудің қауіпсіздігіне қатысты жаңа сұрақтар туындатты. Онлайн платформалар мен хабарландырулар арқылы жұмысқа шақырулардың қаншалықты қауіпсіз екені – өзекті мәселе ретінде көтерілді.

Марқұмның артында жолдасы мен екі кішкентай қызы қалды.

Өзгелердің жаңалығы