Шымкенттегі абақтының 17 қызметкері жазаланды

15 Мамыр 2022, 15:15
1505
Бөлісу:
Шымкенттегі абақтының 17 қызметкері жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысының 17 қызметкері өз міндеттерін бұзғаны үшін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара жуырда абақтыдан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр деп,- хабарлады turkystan.kz.

Аталған департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, 17 қызметкерден бөлек, аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылды.

Шымкент қаласының полиция департаменті аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Ал Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізуде. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды, – делінген департаменттің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы