Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы 7 жылға сотталды

16 Қыркүйек 2022, 02:55
1039
Бөлісу:
Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы 7 жылға сотталды

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы Мұхтар Бұхарбаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ otyrar.kz-ға сілтеме жасап.

Шымкентте резонанстық сот отырысы өтті. Онда жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына үкім шығарылды. Судья Мұхтар Бұхарбаевты өзінің қарамағындағы Азамат Айымбетовтен алым алып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп таныды, - деп хабарлайды otyrar.kz .

Сот экс-полицейге 7 жылын жалпы режимдегі колонияда өтеуді үкім етті. Бұдан бөлек, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Айта кетсек, Антикор 25 сәуірде Мұхтар Бұхарбаев ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы және 131-бабында көзделген тәртіппен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Қаңтар айында әлеуметтік желіде Шымкент қаласы ПД рота командирінің видео үндеуі жарияланды. Онда полицей Қазақстан Президенті мен Ішкі істер министрінен көмек сұрайды. Ол Бұхарбаевты қоластындағыларға заңсыз көп алым-салым салатынын, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланатынын айтқан.

Өзгелердің жаңалығы