Шымкентте жаңа оқу жылына дейін 6 нысан пайдалануға беріледі

4 Мамыр 2023, 07:35
835
Бөлісу:
Шымкентте жаңа оқу жылына дейін 6 нысан пайдалануға беріледі
Фото: tengrinews.kz

Шымкентте жаңа оқу жылына дейін 6 нысан пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкентте қазір 7 білім нысанының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Олар №8, №65, №45 мектептерге арналған қосымша ғимараттар, №4 өнер мектебі, Шымкент қалалық әкімшілік іскерлік орталығындағы оқушылар сарайы және №10 колледжге қосымша ғимарат.

Биылғы жылы бітуі тиіс бұл нысандардың құрылыс жұмыстарының сапасы қала әкімінің қатаң қадағалауында. Сондай-ақ Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Өзгелердің жаңалығы