Шымкентте жалған алкоголь өнімін сатқан азамат сотталды

20 Тамыз 2020, 04:35
1518
Бөлісу:
Шымкентте жалған алкоголь өнімін сатқан азамат сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысу және жалған алкоголь өнімін сату дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шыққанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған алкоголь өнімін жасау бойынша жасырын цех қызметін ұйымдастырған шымкенттік ұсталды. Цехті тексеру барысында 3000 литр спирт, 7800 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 19 050 шөлмек алкоголь өнімі, 295 561 дана есептік-бақылау маркалары, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуда пайдаланылатын түрлі ыдыстар және алкоголь өнімін құятын құрылғы анықталды, - делінген хабарламада.

Еңбекші ауданы сотының үкімімен Шымкент қаласының тұрғыны Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз кәсіпкерлік қызмет") және 233-бабының 2-бөлігі ("Aкцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану") сәйкес кінәлі деп танылып, алынған заттарды тәркілеумен айыппұл салынды.

Сонымен қатар, көрсетілген айғақ заттары мемлекет кірісіне айналдырылғанын хабарлады ведомство өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы