Шымкентте зергерлік цехтан алтын тәркіленді

7 Сәуір 2021, 06:37
2065
Бөлісу:
Шымкентте зергерлік цехтан алтын тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте зергерлік бұйым­дар шығаратын цехта контрабандалық жолмен алын­ған алтын құйылған. Ал тұрғындар құқық қорғау ор­гандарының бірнеше күн бойы зергерлік бұйым шы­­ға­­ратын цехтардың бірі­не тінту жүргізіп жатқанына наразы. Жергілікті тұрғын­­дардың айтуынша, құқық қорғау органдарының әре­кеті заңсыз және ондаған отбасын табыссыз қалдыр­ған, деп жазды aikyn.kz.

Шымкент аумағында бірден бірнеше жерасты цехы лицен­зиясыз жұмыс істеген. Тінту мен басқа да тергеу әрекеттері бірнеше жыл бойы аса ірі көлемде қазақ­стандық алтынды контра­­бан­далаумен айналысқан тран­сұлттық қылмыстық топты құ­рықтау бойынша ҰҚК арнайы операциясы аясында өтіп жатыр екен. Қылмыстық топ республи­каның бірнеше өңірінде жұмыс істеген. Бұл ретте аталған цехтарда заңсыз өндірілген және қайта өңделген алтынның көлемі жүз­деген келі болған. Ал келген за­лалдың сомасы ондаған миллиард теңгеге жуық. 

Отандық алтынға тапсырыс берушілер ретінде Таяу Шығыс елдерінің қылмыстық топтары аталған. Сондай-ақ жерасты цехтары жұмыс істеп тұрған кезде жергілікті полиция органдарына қызметкерлердің жарылғыш химиялық және психотроптық заттарды қолдануына қатысты шағым түскен. Қазір құқық қорғау органдары тергеу шарасын жүр­гізіп жатыр. 

Бұған дейін баспасөз бет­терінде Шымкенттегі Алтынтөбе ауыл тұрғындары алтын өнімдерін өндіретін жергілікті цех дирек­торының ұсталуына қарсы бол­ға­ны хабарлаған еді. Себебі тұр­ғын­дардың көбі сол цехта жұмыс іс­теген.

Өзгелердің жаңалығы