Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды. BAQ.KZ бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйымдастырушылардан жүйелік блоктар мен мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка, чек аппараты және басқа да техника табылды.
Іс сотқа жолданды. Сот үкімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 1 жылға бас бостандығынан шектелді.