Шымкентте заңсыз майнинг ұйымдастырған екі азаматтың іс-әрекеті әшкереленді

9 Қазан 2024, 09:20
235
Бөлісу:
Шымкентте  заңсыз майнинг ұйымдастырған екі азаматтың іс-әрекеті әшкереленді
VIDEO
Фото: Скрин

Шымкент қаласының аумағында криптовалюта өндіру бойынша заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі азаматтың қылмыстық іс-әрекетін ҚР ҚМА қызметкерлері әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында аталған тұлғалар жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, майнингтік ферма ұйымдастырғаны анықталды.

Олар жалпы сомасы 370 млн теңге болатын 1000 дана ASIC майнерлер (биткоин өндіру жабдығы) мен заңсыз өндірілген цифрлық активтер (биткоиндар) түріндегі мүлкі тәркіленіп, сәйкесінше 2 жылға бас бостандығынан айыруға және 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері қылмыстық табысы 400 млн теңгеге жуық заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 фактісі анықталды.

Айта кетейік, криптовалюта өндіру саласындағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан төндіретін тәуекелдердің туындауына әкеп соғады, тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр энергиясын жеткізудің іркілу және тапшылық тәуекелдері артады, -делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі аталған қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілгенін ескертеді.

Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы