Шымкентте заңсыз майнинг фермасы аңықталды

23 Ақпан 2022, 20:47
1648
Бөлісу:
Шымкентте заңсыз майнинг фермасы аңықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы бойынша ҚМА департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы майнинг қызметімен айналысатын тұлғаларды анықтады.

Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.

Тінту кезінде цифрлық криптовалюта «Биткоинді» өндірумен айналысатын ASIC майнингінің 360 бірлігі табылып, тәркіленді. «Майнинг фермалары» 3 контейнерге   орнатылған.

Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Өзге мәліметтер Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы