Шымкентте ВИЧ-инфекциясын жұқтырмаудың жаңа әдісі қолданылуда

10 Тамыз 2023, 20:24
814
Бөлісу:
Шымкентте ВИЧ-инфекциясын жұқтырмаудың жаңа әдісі қолданылуда
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкенттік дәрігерлер ВИЧ-инфекциясын жұқтырмаудың жаңа әдісін қолдануда, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа әдіспен дәрігерлер қауіпті топтағы азаматтарға профилактикалық емін жасап, аурудың алдын алуда.

ВИЧ-инфекциясын жұқтырмау үшін қазір емдеу мекемелерінде жанасуға дейінгі профилактика қолданылады. Бұл дегеніміз – ВИЧ инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдау арқылы инфекцияға қарсы тұру әдісі. Бүгінге дейін Шымкенттегі ЖИТС орталығында 100-ден аса адам аталған терапияны қабылдаған.

ДДСҰ жүргізген тәжірибе барысында осы профилактика әдісі қолданылып, жұқтыру нәтижелері тіркелмеген. Шымкенттегі ЖИТС орталығында бұл әдіс 2021 жылы енгізілді. Бүгінге дейін профилактика енгізілген науқастардың арасында АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген. Бұл қатынасқа дейінгі профилактикалық ең алдымен жұқтыру қаупі басым топтарға жасалады. Олар күйеуі немесе әйелінде ВИЧ инфекциясы бар жұптың серігіне, есірткі қолданатындарға, интимдік қызмет көрсететіндерге, бей-берекет жүретіндерге және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетіндерге қолданылады, – дейді Шымкент қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Мәшіров.

Айта кетейік, Шымкенттегі ЖИТС орталығында қауіпті топтағы азаматтарға жанасуға дейінгі профилактика тегін жасалады. Биыл орталық дәрігерлері 500-ден астам пациентке аталған терапияны жүргізуді жоспарлауда. 

Мамандардың сөзінше, жанасуға дейінгі терапия ВИЧ инфекциясын алдын алуда оң нәтиже беріп, инфекцияға шалдыққандардың санын азайтуға көмегін тигізуде.

Өзгелердің жаңалығы