Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкенттегі үйлену тойынан екі автомат қаруын тәркіледі. Жедел қызметкерлер үйлену тойларының бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алады. Бұл жерге көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жедел қызметкерлер тобы жіберіледі, - деп атап өтті Шұғыла Тұрлыбек.
Айтуынша, ақпараттың растығы дәлелденген.
Жедел ақпарат дұрыс болып шықты – түнгі сағат 12-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автоматты қарумен ұстады. Олардан АКСУ-47 жауынгерлік автоматы жойылған нөмірлермен және АК-74 автомат қаруын тәркіледі. Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тәркілеген. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осыған орай, бұлтартпау шарасын тағайындау туралы шешім қабылданды, - деді ведомство өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында қысқы шинаға ауыстырылмаған көлікпен жүруге тыйым салынатыны туралы жазған болатынбыз.