Шымкентте үш жасар бала бассейнге құлап, комаға түсті

25 Шілде 2022, 12:23
1308
Бөлісу:
Шымкентте үш жасар бала бассейнге құлап, комаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте үш жасар бала бассейнге құлап, комаға түсті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

23 шілде күні сағат 22:30-да жедел жәрдем қызметінен ересектердің қарауынсыз қалған жеке тұрғын үйдің ауласында 2019 жылы туған баланың қаңқа бассейніне құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бассейннің тереңдігі 1,4 м. Оқиға Абай ауданы, Сығанақ көшесінің бойындағы Қызылжар тұрғын алабында болған. Бала қалалық балалар ауруханасына (жағдайы ауыр, аспирациялық синдром. Ми ісінуі. Кома 1) жатқызылды, - делінген хабарламада.

Дәрігерлер 24 шілдеге қараған түні тағы бір баламен оқыс оқиға болғанын айтты.

Абай ауданы, Мейрімді көшесінің бойындағы «Самал-3» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап кеткен. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы орташа, аспирациялық синдром, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы