Шымкентте Ұлттық ұлан жауынгерлері есінеп танып қалған азаматқа көмек көрсетті

16 Наурыз 2022, 19:42
1289
Бөлісу:
Шымкентте Ұлттық ұлан жауынгерлері есінеп танып қалған азаматқа көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әл-Фараби ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері бір әйел адамның ес-түссіз жатқан азаматқа көмектесіп жатқанын байқайды. 

Ойланбастан сол жерге дереу жеткен сарбаздар, азаматтың жерге құлап, басы жарылғанын анықтайды.

Біз өзімізге берілген бағыт бойынша қызмет атқарып жүргенбіз. Кенет жерде құлап жатқан адамды  байқадық. Уақытты созбай, бірден бетіне су шашып, мүсәтір иіскетіп,  есіне келтіріп үлгердік, - дейді әскери жасақ топ бастығы сержант Абылай Айсекен.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылып, аталған азамат Шымкент қаласының №1 ауруханасына жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы