Шымкентте «Спутник» гүлзары қайта қалпына келтірілді

12 Қаңтар 2024, 23:40
84
Бөлісу:
Шымкентте «Спутник» гүлзары қайта қалпына келтірілді
Фото: baq.kz

Шымкентте тұрғындар өтініші бойынша «Спутник» гүлзары ұзақ жылдардан кейін қайта ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл гүлзар А.Байтұрсынов пен Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан. Тұрғындардың демалуына қолайлы жағдай жасалған аймақтың ашылуына қала тұрғындары көптеп жиналды.

Гүлзарға 100-ге жуық көшет отырғызылған. Сондай-ақ, ерекше дизайнда жасалған әткеншектер, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылыпты. Құрылысы бір айда аяқталған гүлзарға аяқжол салынып, 2200 шаршы метр аумақ көгалдандырылған, - деп жазылған мәліметте.

Айта кетерлігі, гүлзарды қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары демеушілердің есебінен жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы