Шымкентте сотталғандар 60-тан астам арыз-шағым түсірген

26 Қыркүйек 2023, 16:46
797
Бөлісу:
Шымкентте сотталғандар 60-тан астам арыз-шағым түсірген
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, кез-келген құқық бұзушылықтарға уақтылы және дәл ден қою мақсатында Шымкент қаласындағы пенитенциарлық мекемелерінде электронды арыз-шағым беруге арналған 21 терминал іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Шымкент қаласының прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың соңына дейін қосымша 14 дана терминал орнату жоспарлануда.

Бұл сотталғандарға колонияда болған кезде өз бетінше және қысқа мерзімде өз шағымдары мен өтініштерін жіберуге мүмкіндік береді. Түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен терминалды пайдалану бойынша оқыту жүргізілді. Құрылғының функционалды ерекшеліктері бар, мысалы, сотталушының өзінің үндеуін жіберуі үшін құрылғыны жасаушылар Secugen деп аталатын саусақ ізін биометриялық сканерді ұсынады. Бұл жай ғана бағдарлама емес – бұл колониядағы барлық сотталғанның саусақ іздері мен анықтамалық деректері енгізілетін база, - делінген хабарламада.

Мұндай жаңашылдықтар сотталушылардың заңды құқықтарының сақталуын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, мекеме ішіндегі әртүрлі фактілер мен оқиғаларды жасыру деректерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Терминал барлық сотталғанға қолжетімді жерде орнатылған. Терминалдың басты функционалдық қағидасы мекеме әкімшілігінің қатысуынсыз сотталғандарға электрондық өтініштерді жіберу мүмкіндігі болып табылады. Бұл рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Биылғы жылдың өзінде сотталғандар тарапынан 62 өтініш жолданған.

Сотталғандар прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға өз шағынымдарын мекеме әкімшілігіне жүгінбей-ақ терминал арқылы бере алады.

Өзгелердің жаңалығы