Шымкентте сарбаздарға психологиялық тренингтер өткізілуде

25 Қаңтар 2021, 10:17
1944
Бөлісу:
Шымкентте сарбаздарға психологиялық тренингтер өткізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің психолог-офицерлері мерзімді әскери қызметшілермен психологиялық тренингтер өткізуде. 

Тренингтер әскери ұжымды біріктіруге, әскерилердің бір-біріне тек қызмет уақытында ғана емес, бейресми жағдайда да сенімін қалыптастыруға, психологиялық жүктемені азайтуға және әскери қызметке бейімделуді жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар тренингтер арқылы сарбаздардың әскери қызметке деген дұрыс көзқарасын дамытуға, моральдық-психологиялық жағдайы мен әскери тәртібінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйі – Қарулы Күштеріміздің тәрбиеші-офицерлерінің жұмысындағы маңызды құрамдастардың бірі, өйткені ол әскери қызметшілердің жауынгерлік көңіл-күйіне, әртүрлі оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығына әсер етеді, - делінген хабарамада.

Психологиялық тренингтер ұжымдық жұмыс кезінде адамның өзіне деген сенімділігін нығайтуға, тиімді қарым-қатынас орнатуға, өзін-өзі бақылау дағдыларын арттыруға және қалыпты емес жағдайларда топ шешімдерін тез қабылдауға мүмкіндік береді. 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, ең танымал тренингтік бағдарламалардың бірі – «команда құру» немесе «бірігуге бағытталған тренинг». Бұл күрделі психофизикалық жұмыс, онда команда мүшелері де, жаттықтырушының өзі де жұмыс істейді.   

Командада үйлесімді жұмыс істей білу – кез келген ұйымның табысты дамуы үшін маңызды. 

Осындай тренингтерден кейін мерзімді әскери қызметшілердің эмоционалды және моральдық-психологиялық ахуалында оң динамика байқалады, бұл олардың әскери қызметке тез бейімделуіне ықпал етеді.
 


Өзгелердің жаңалығы