Шымкентте Республика күні аталып өтті

25 Қазан 2023, 14:35
680
Бөлісу:
Шымкентте Республика күні аталып өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Түркістан» сарайында Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков барша тұрғындарды еліміздің рухын асқақтатқан, басты құндылықтарымыз – ынтымақ- бірлігімізді арттырған айшықты мерекемен құттықтады. 

Ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, орнықты дамуға бет алған, алдыңғы қатарлы мемлекет болуымыз үшін Президентіміз атап өткендей, «отаншыл, білімпаз, еңбекқор, таза әрі жанашыр» болуға ұмтылуымыз қажет. Өйткені, осы жақсы қасиеттерді бойына жинай білген «Адал азаматтар» Әділетті Қазақстанды құратын болады. Тәуелсіздігіміздің айшықты мерекесі Республика күніне Шымкент қаласы да жетістіктерімен келіп отыр. Қаланың республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізді. Биылғы жылдың 9 айында Шымкентке 434 миллиард теңге инвестиция тартылып, жыл соңына дейін 722 миллиардқа жетеді деп күтілуде, - деді қала әкімі.

Шымкентте Республика күні аталып өтті

Мерекелік жиында түрлі салада қызмет атқарған бірқатар азаматқа «Құрметті азамат» атағы беріліп, «Барыс», «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдері табысталды.

Шымкентте Республика күні аталып өтті


Кеш қонақтары патриоттық бағыттағы көріністерді ташамалап, өнерпаздар ұлттық рухымызды асқақтататын әуендер шеруін тарту етті.

Шымкентте Республика күні аталып өтті
Өзгелердің жаңалығы