Шымкентте 97 балабақша мен 63 мектепте қызылша ауруы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдай тұрақты екенін айтып карантин енгізуге негіз жоқ деп отыр. Шаһарда кейінгі екі жылда қызылша ауруы тіркелмеген. Биыл 1655 жағдай расталып отыр. Вакцинадан негізсіз бас тарту - аурудың өршуіне әкеледі, дейді мамандар. Ауырғандардың 90 пайызы екпе алмағаны белгілі болды.
Егу жасына келмегендігінен, әр түрлі себеппен егуден бас тартудан және егілетін адамның медициналық шегеріміне байланысты егілмей қалған науқастар бүгінгі күнде емін емдерін алып жазылуда. Қызылшаға қарсы егуді жоспарлв түрде мемлекет тарапынан тегін, дені сау балаға 1 жас - 1 жас 3 ай аралығында және 6 жасында тағы да қайталанып, егілу керек. Жаңа жоғары да айтып өткен балалар осы егулерді алмаған не толық алмаған немесе түрлі көрсетілімдермен алмай қалған себептер болып отыр, - дейді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.