Шымкентте қойшы үш айдан бері табылмай жатыр

30 Қыркүйек 2023, 09:36
776
Бөлісу:
Шымкентте қойшы үш айдан бері табылмай жатыр
Фото: polisia.kz

Шымкентте 48 жастағы Асен Таңсықбаев үш айдан бері хабарсыз кетіп, үйіне оралмаған. Әпкесінің айтуынша, ол біреудің қойын бағып, нәпақа тауып жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияға арызданған әйел інісі маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Ер адам ұялы телефон қолдануды білмейді екен. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, үш айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

ІІМ-нің мәліметінше, 1975 жылы дүниеге келген ер адамның бойы - 165-170 см. Орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған.

Егер суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бірден полицияның "102" арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады полиция.

Өзгелердің жаңалығы