Шымкент қаласындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен 26 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, полиция департаменті жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді, — деді ведомство өкілі.