Шымкент қаласында белгісіз ер адам тәртіп сақшысын пышақтап кеткен. Бұл туралы қаланың Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 қыркүйекте жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкінің инспекторын арқасынан ер адам пышақпен ұрған. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді өңірлік ПД-дан.