Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды

31 Қаңтар 2022, 10:46
1253
Бөлісу:
Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы әл-Фараби ауданында пәтерден үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Құтқарушыларға әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі көппәтерлі үйге шақырту кеше сағат 17:36-да түскен. Олар құрал-сайманмен пәтердің сыртқы есігін бұзып, ашты. Пәтерден 19­78, 1957 және 1979 жылдары туған үш адамның мәйіті табылды. Газдың иісіне уланған болуы мүмкін.

Оқиға орнына 2 техника мен 8 қызметкер келді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, – департамент өкілі.

Бұған дейін Шымкентте жалдамалы пәтерден үш қыздың денесі табылған еді.

Өзгелердің жаңалығы