Шымкентте орташа жалақы қаншаға өскені белгілі болды

7 Желтоқсан 2023, 15:54
711
Бөлісу:
Шымкентте орташа жалақы қаншаға өскені белгілі болды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өткен брифинг барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалада жергілікті деңгейде биыл еңбекақысы төмен 16 мыңнан астам бюджеттік қызметшілерге үстемақы қаралып, жалақы мөлшері 100 мың теңгеден асқан.

Өңірдегі орташа жалақы көлемі 17 пайызға өсіп, 270 355 теңгені құрады (медиандық жалақы 215 906 теңгені құрап, өткен жылдан 23 пайызға артты). Сондай-ақ, биыл халықты жұмыспен қамту шараларымен 61 мыңнан астам адам қамтылды. Одан бөлек 36 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналасты,-деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Жалақы көбейіп, жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде әлеуметтік көмек алушылар саны 22,4 пайызға азайған.

Өзгелердің жаңалығы