Шымкентте 14 мектеп оқушы қабылдауды тоқтатты

28 Маусым 2021, 23:10
3618
Бөлісу:
Шымкентте 14 мектеп оқушы қабылдауды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 14 мектеп 1-сыныпқа оқушы қабылдауды тоқтатты, деп хабарлады 24.kz.

Білім басқармасы қабылдаған шешім үш ауысымда оқытатын мектеп санын қысқартуға байланысты екен.

Себебі мұндай мектептерде санитарлық талапты сақтау қиын. Сондықтан ата-ана баласын жақын маңдағы басқа мектепке беруге тиіс. Сәуірдің бірінен бастап, электронды өтінім арқылы 20 мыңнан аса бала оқуға қабылданған. Бұл күткен меженің 95 пайызы.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Шымкентте 32 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 20-сы биыл пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласындағы 14 үш ауысымды мектепке арнаулы шектеулер қойылды. Ол жерде тек қана 2-3 сыныптан асырмай сыныпқа оқушылар қабылдауға рұқсат берілді. Өзінің мөлтек ауданынан ғана бірінші кезекке келген мөлтек ауданның оқушыларын ғана қамту туралы тапсырмалар берілді, – деді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Өзгелердің жаңалығы