Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталі жабылды

3 Наурыз 2022, 22:58
1319
Бөлісу:
Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталі жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте эпидахуал ушыққан тұста пайдалануға берілген модульді жұқпалы аурулар госпиталі жабылды. 70 жастағы қария коронавирус індетін жеңіп, ем алып шыққан соңғы науқас болып тіркелді, деп жазды «Хабар 24».

Қазір қалада коронавирусқа шалдыққан науқастардың саны едәуір азайды. Сол себепті стационарға тартылған дәрігерлер бастапқы жұмыстарына оралды. Қазір мамандар соңғы дизенфекциялық шараларды жүргізген. 200 орынға лайықталған стационарда соңғы екі жылда он мыңға жуық науқас ем алып шыққан. Індеттің таралу көрсеткішіне қарай орталықтың қайта ашылуы қаралады. Ал оның болашақта қандай науқастарды емдеуге бағытталатыны әзірге белгісіз.

Бұл жерде енді толық жабылған соң өзінің қорытынды деген дезинфекциясы болады. Оның бәрін жуып, жауып қойды. Дайын тұрады кез келген уақытта. Қажеттілік болса дайын тұрады. Бізде осы өзіміздің ауруханамызда бір отделениені соған арнап, ашып қойдық. Енді осы жерде қабылдап жатырмыз. Күніне әрі кетсе 1-2 науқас келеді, – деді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Ағабаев.

Өзгелердің жаңалығы