Шымкентте күзетшіні аяусыз ұрып-соққан адам іздестірілуде

4 Наурыз 2023, 13:10
785
Бөлісу:
Шымкентте күзетшіні аяусыз ұрып-соққан адам іздестірілуде
Фото: «НеМолчи» ҚҚ Instagram желісі

Шымкентте белгісіз ер адам күзетшіні аяусыз ұрып-соққан. Полиция департаментінің барлық жеке құрамы күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Қоғамдық қорға оқиға туралы жәбір көрген ер адамның қызы айтып берген.

2022 жылғы 5 желтоқсанда таңғы 5:00 белгісіз ер адам әкемді ұрып тастады. Ер адам мас және өте агрессивті болды. Әуелі ол әкем күзетші болып жұмыс істейтін дүңгіршектің жанына құлаған. Ол құлап, түсініксіз бірдеңелерді айтып жатқанда әкем оған шығып: «Балам, қарға отырма, мұнда, қар жоқ жерге кел» деді. Ол әкемді боқтап, жүгіріп барып «Маған қайда отыру керегін сен үйретесің бе?» деген. Әкем дүңгіршекке қарай қашқан, бірақ есікті жауып үлгермеген. Ол қуып жетіп, әкемді ұра бастаған, оны көшеге шығарып, жерге жатқызып, үстіне шығып алып басынан және бетінен жұдырықпен ұрған, содан кейін басынан және қабырғасынан тепкен. Әкем есінен танып қалған, бірақ ол доғармастан, әкемді аяусыз тепкілеп, ұрып-соққан, содан кейін кетіп қалған, – делінген жазбада.

Қордың мәліметінше, зардап шеккен адамға бірнеше ауыр диагноз қойылған.

Бұл ретте Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша әл-Фараби ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы