Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте құдық қақпақтарын ұрлап кеткен күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 16 мамырында Қаратау АПБ-на мемлекеттік мекемеден хабарлама келіп түскен. Онда белгісіз адам Шымкент қаласы Нұр-Сұлтан даңғылының бойынан құны 361 520 теңге тұратын 10 дана шойын кәріз құдығының қақпақтарын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.