Шымкентте Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды

15 Шілде 2023, 22:47
684
Бөлісу:
Шымкентте Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды
Фото: архив

Шымкентте пара алды деген күдікпен Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін ҰҚКД және Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды. Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы