Шымкентте көшенің ортасында жалаңаш шомылған ер адамның кім екені анықталды

28 Шілде 2023, 06:21
5504
Бөлісу:
Шымкентте көшенің ортасында жалаңаш шомылған ер адамның кім екені анықталды
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде орта жастағы ер адам көшенің қақ ортасында шомылып отырған видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Шымкент қаласында болған. Ер кісі Төле би көшесінің бойында жолдың дәл ортасында орналасқан гүл суғаратын су шашқыштан ағып тұрған суға жалаңаш шомылып жүрген. Көп ұзамай полицейлер ер адамның кім екенін анықтады. Ол тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.

Өзгелердің жаңалығы