Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Жаңа қондырғы Корея елінен арнайы әкелінген. Томография кабинетін аралап көрген қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикалауда құрылғының маңыздылығын атап өтті.
Жоғары сапалы томографияны қолдану - қан айналымы жүйесінің аурулары диагностикасында, кеуде артериясына, аортаға инвазивті емес ангиография жасауда - «алтын стандарт». КТ көрсеткен диагностикалық тапсырмаларды сапалы әрі саны бойынша да шешуге мүмкіндік береді.