Шымкентте есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды

28 Сәуір 2023, 06:33
564
Бөлісу:
Шымкентте есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды.

Аталмыш «дизайнерлік есірткілерді» өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек.

Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық заттар, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды күшейтілген режимде жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы