Шымкентте егде жастағы әйел кәріз құдығына құлап кетті

Құтқару операциясынан кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

 depositphotos.com Кеше 2026, 23:18
Кеше 2026, 23:18
77
Фото: depositphotos.com

Шымкентте кәріз құдығына құлаған әйел құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Алтын бесік көшесіндегі тұрғын үй маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 1959 жылы туған әйел абайсызда ашық кәріз құдығына түсіп кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен әйелді құдықтан шығарып алды.

Құтқару операциясынан кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Наверх