Шымкентте №1 Қалалық клиникалық ауруханасында дәрігерлер 20 минутта 4 рет жүрегі тоқтаған науқасты құтқарды.
65 жастағы науқас аса ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ТЭЛА) диагнозын қойған. Яғни өкпе тамырлары тромбпен бітеліп қалған. Бұл өте қауіпті жағдай.
Жансақтау бөлімінде науқастың жағдайы күрт нашарлап, 20 минут ішінде 4 рет жүрегі тоқтаған. Соған қарамастан, дәрігерлер 4 рет дер кезінде және сәтті реанимациялық көмек көрсетіп, науқастың өмірін сақтап қалды. Науқас жансақтау бөлімінде 1 айдан астам уақыт ем қабылдап, бүгінгі күні жағдайы жақсарып, аман-есен үйіне шығарылды. Бұл - адам өмірі үшін күрестегі ақ халатты абзал жандардың жанқияр еңбегінің нақты көрінісі. Жоғары кәсібилік пен шапшаң әрекеттің арқасында тағы бір адамның өмірі сақталды, - деп хабарлады Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.
Тағы оқи отырыңыздар: