Шымкентте биыл жаңа 250 аялдама орнатылады

24 Наурыз 2023, 23:22
858
Бөлісу:
Шымкентте биыл жаңа 250 аялдама орнатылады
Фото: massaget.kz

Шымкент қаласының орталық көшелеріне ағымдағы жылы заманауи үлгідегі жаңа 250 аялдама павильонын орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа типтегі шыны барлық аялдамалар жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады. Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат – елді-мекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру, - делінген хабарламада.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде: 1336 аялдама павильоны бар, қалғанына аялдама белгілері орнатылған.

Өзгелердің жаңалығы