Шымкентте бір тәулікте 100-ден астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзды

17 Мамыр 2022, 14:13
1549
Бөлісу:
Шымкентте бір тәулікте 100-ден астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте бір тәулік ішінде 100-ден астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Патрульдік полиция қызметкерлері өткен сенбіде қала аумағында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. 

Осылайша мегаполисте бір тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 

Яғни, қауіпсіздік белдігін тақпаған 44 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) хаттама толтырылған, 11 азаматқа көлік айдау кезінде телефон пайдаланғаны үшін айыппұл салынды. 

Сондай-ақ 13 адам жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша жауапқа тартылған. 

Өрескел бұзушылықтары үшін айыппұл тұрағына екі қоғамдық көлік орналастырылған. Мәселен, рейдтік жұмыстар барысында полицейлер оңға бұрылар алдында бұрылу жарық көрсеткішімен тиісті сигнал бермеген автобусты байқады, яғни қозғалыстың басқа қатысушыларын өзінің маневр жасауға кірісу ниеті туралы хабардар етпеді, осылайша ЖҚЕ талабын бұзған.

Осы бұзушылық үшін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, оған сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы