Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды

9 Наурыз 2022, 20:53
1398
Бөлісу:
Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына түрлі сипаттағы 7 968 қоңырау түсті. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды: ұрлық, екі бұзақылық және автокөлікті заңсыз иемдену және басқа да жайты.

Сонымен қатар, 3 229 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 396 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 68 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда тиісу) – 43 факті тіркеліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды. 

Бұдан басқа, 2 496 жол ережесін бұзу жайты және 226 өзге де құқық бұзушылық анықталды.


 

Өзгелердің жаңалығы