Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент базарында екі полицейдің егде жастағы адамның заңсыз сатылым жүргізгеніне қатысты қоқан-лоқы әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын келтірген еді.
Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз осыған қатысты түсініктеме берді.
24 қазан күні Шымкент қаласының тұрғындары базардағы сатушы әжейге дөрекілік көрсеткен полиция қызметкерлерінің әрекетін әлеуметтік желіде жариялайды.Шымкент қаласының базарларының бірінде болған жағдайға қатысты сұрақ келіп түсті. Төтенше жағдай дейтініміз, тексеріс жасап жүрген қызметкерлердің бір әжейге қоқан-лоқы көрсетілуі айтылады. Шымкент қаласының полиция департаменті қызметтік тексерісті бастады. Тәртіптік кеңестің нәтижесін біз БАҚ-та жариялаймыз, - деді Нұрділдә Ораз.
Шымкенттегі «Қырғы базарының» кіре беріс жерінде 3-4 килограмм жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болыпты. Әжеміз полицейлерден қорқып қалған болуы керек, ұлына хабарласпақшы болғанда телефонын да алып қойған көрінеді, - делінген видеода.