Шымкентте балалары түнде қараусыз жүрген ата-аналарға 28 хаттама толтырылды

17 Тамыз 2020, 15:18
2414
Бөлісу:
Шымкентте балалары түнде қараусыз жүрген ата-аналарға 28 хаттама толтырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Оған "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – ҚР Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Салдарынан Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 28 әкімшілік хаттама толтырылып, 70 тұрғынға ауызша ескерту салынды, - делінген хабарламада.
Ескерту берілу себептерінің ішінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 127-бабы ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тыйым салу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жөнінде болды.
Өзгелердің жаңалығы