Шымкентте балабақша меңгерушісі 19 млн теңгені заңсыз иемденген

5 Қараша 2022, 08:15
1302
Бөлісу:
Шымкентте балабақша меңгерушісі 19 млн теңгені заңсыз иемденген

Шымкенттік балабақша меңгерушісі 19 млн. бюджет қаражатын қалтасына басқан. Айыпталушы 3 жыл бойы базаға балабақша жайында жалған мәлімет енгізіп отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша «Балапан» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат, жеке бас қажеттілігіне жаратылған. Қаратау аудандық сотының шешіміне сәйкес, балабақша меңгерушісі кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, сотталушы 1970 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны.

Шымкенттегі балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізген. Заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілді. Ол «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, - деді ҚР ҚМА баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы