Шымкентте автобустардың бағытын анықтайтын тағы бір қосымша іске қосылды

19 Қаңтар 2024, 21:38
76
Бөлісу:
Шымкентте автобустардың бағытын анықтайтын тағы бір қосымша іске қосылды
Фото: baq.kz

Мегаполисте «і-Kolik» мобильді қолданбасына балама ретінде «2ГИС” бағдарламасында жаңа қосымша іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жуырда Цифрландыру басқармасы мен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары бірлесіп, аталған функцияны қолданысқа енгізді.

Қаладағы қоғамдық көліктердің жүру бағытын анықтау мақсатында GPS трекерлерді байланыстыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аталған қосымшаға автобустардың бағыты туралы толық ақпарат енгізілген, - деп жазылған мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы