Шымкентте аутизмге шалдыққан балалар еуропалық әдіспен емделуде

19 Қазан 2023, 11:18
1084
Бөлісу:
Шымкентте аутизмге шалдыққан балалар еуропалық әдіспен емделуде
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласындағы аутизмге шалдыққан және ақыл-ой дамуы тежелген балаларға арналған орталықта 110 бала оңалтудан өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ем-шаралар еуропалық әдіспен жүргізіліп жатқанын айта кетейік.

Мекеме сәуір айында іске қосылған. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан халқына» қоры бірігіп ашқан 8 аутизм орталығының алғашқысы.

Мұнда АВА терапиясы, эрготерапия, кинезиотерапия, робототерапия,  емдік дене шынықтыру, еңбек терапиялары, арт-терапия, музыкалық терапия, қыш-құмыра бұйымдарын жасау бағыттары қарастырылған.

Сонымен қатар сенсорлық ықпалдасу, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопед, психолог және дефектолог мамандар қызмет көрсетеді. 

Шымкентте аутизмге шалдыққан балалар еуропалық әдіспен емделуде
Өзгелердің жаңалығы