Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

21 Сәуір 2023, 13:35
726
Бөлісу:
Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Жас жауынгерлерді қарсы алу іс-шарасын гарнизон мен қалалық қорғаныс істері департаменті бастығы ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы кеште Семей-Қызылорда пойызының келуі ерекше болды. 35748 әскери бөлімінің оркестрінің салтанатты шеруінің үнімен Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Дастан Мұхамеджанов, қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштердің ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен достары Отан қорғаушыларды теміржол вокзалының перронында гүлдермен және шарлармен қарсы алды.

Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Запасқа шығарылған әскери қызметшілердің кездесуі нағыз мереке атмосферасын құрған әскери оркестрдің шеру әуенімен өтті.

Осыдан тура бір жыл бұрын осы теміржол вокзалынан біз бұл жігіттерді әскер қатарына қосқанбыз. 12 ай ішінде олар нағыз батылдық емтиханынан өтіп, мінездерін шыңдап, өздерін қайта құрды. Әскери мектептен тәлім алған жастардың жұмысқа орналасу жағынан үлкен артықшылықтары бар, - деп атап өтті қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Туған қаласында пойызбен келіп жеткен жауынгерлер ата-аналары мен жақындарының жүздерін көргенде ерекше қуанышқа бөленді.

Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Мен 12740 әскери бөлімінде қызмет еттім. Осы уақыт ішінде үлкен тәжірибе жинадым, жасым ұлғайып, ұстамдылығым арта түсті. Әскери және арнайы техникамен жұмыс істеу дағдыларын игеріп, ұжымда жұмыс жасауды үйрендік. Басында қиын болды, бірақ кейін барлығына үйреніп кеттік. Қызмет барысында әртүрлі жаттығуларға қатыстық. Менің ойымша, әрбір жігіт осы мектептен өтуі керек, – дейді қатардағы Бәйдібек Тұрған.

Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Айта кетсек, сарбаздардың туыстары мен достары олардың бой түзеулері мен қалыптастырған тәртіптілігіне ерекше таң қалды. Әрине, осындай елінің, жерінің берік қорғаны болатын адамды тәрбиелеу үшін командирлер, сержанттар, нұсқаушылар және сарбаздардың өздері көп жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы