Шымкентте аса қауіпті қылмыскер ұсталды

3 Қазан 2023, 03:27
13825
Бөлісу:
Шымкентте аса қауіпті қылмыскер ұсталды
Фото: Арман Мухатов

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, көші-қон қызметі қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, Қазақстанда заңсыз жүрген 34 жастағы шетелдікті ұстады. Ол Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.

Көрші елдің тәртіп сақшыларының бағыттамасында ер адам 2022 жылы алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланғанын және қарулы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Ұсталған азаматтан қару-жарақ табылмаған, - делінген хабарламада.

Ол қазір қамауда отыр. Оны Өзбекстанға экстрадициялау жұмыстары жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы