Шымкентте аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды

11 Сәуір 2024, 17:44
276
Бөлісу:
Шымкентте аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды

Шымкентте бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады. Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды. Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған. 

Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлемге жатады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы