Шымкентте "Абайдың "Китаб тасдиқ" шығармасы" атты кітап шықты

29 Ақпан 2020, 15:04
7446
Бөлісу:
Шымкентте "Абайдың "Китаб тасдиқ" шығармасы" атты кітап шықты
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент ғалымдары "Абайдың "Китаб тасдиқ" шығармасы" атты кітап шығарды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы жылында жарық көрген кітап екі бөлімнен тұрады. Бұл еңбек Абай Құнанбаевтың Отыз сезінші қара сөзі аталып келген "Китаб тасдиқ" туындысына негізделген. Кітап авторы - М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранты Әзімхан Исабек, ал баспаға дайындаған – "Мұхтартану" ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы ғалым Ақжол Қалшабек.

Әуезов көшірмесі.jpg

Кітаптың аннотациясында:
"Қолдарыңызға ұсынылып отырған бұл еңбектің маңызы айрықша. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 38-ші қара сөз аталып келген "Китаб тасдиқ" атты туындысына негізделген бұл еңбекке "Китаб тасдиқ" туралы комментарийлер еңбектің факсимилиесі, транскрипциясы, сөздігі, оған қоса Абай шығармаларын қолжазба күйінде көшірген Мүрсейіт Бікіұлына қатысты тың мағлұматтар кіргізіліп отыр" деп жазылған.

кітап аннотациясы.jpg

Кітап авторы Әзімхан Исабектің айтуынша, Абайдың 38-і қара сөзі аталып келген шығармасы шын мәнісінде: "Китаб тасдиқ" деп аталатын ғылыми еңбек. Көркем шығарма емес. Шағатай тілінде жазылған ғылыми еңбек.

Магистр Әзімхан Исабек ұстазы Ақжол Қалшабектің ғылыми жетекшілік етіп және исламтанушы Абдулла қажы Жолдастың көмегімен Абайдың бүгінге дейін 38-қара сөз аталып келген "Китаб тасдиқ" туындысының транскрипциясын жасаған. Транскрипция Алматыдағы М.Әуезов үйінің ғылыми қорындағы қолжазбаға сүйеніп жасалыпты.

Мүрсейіт қолжазбасының факсимилиесі (1).jpg

Абай Құнанбайұлының "Китаб тасдиқ" ғылыми еңбегі шағатай тілінде жазылғанымен, әлі күнге дейін тасада қалып келе жатқан туынды. Түпнұсқасы жарияланбады. Түпнұсқасы Мүрсейіт Бікіұлының қолжазбалары қатарында шаң басып, жатып қалған. Біз осы кезде дейін бұл туындыны Абайдың 38-ші қара сөзі деп, аудармасын оқып келдік. Шын мәнінде Абайдың 38-ші қара сөзі деп жүргеніміз Абайдың "Китаб тасдиқ" деген туындысы, - дейді Әзімхан Исабек.

Автордың жетекшісі, ұстазы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың "Мұхтартану" ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақжол Қалшабектің айтуынша, кітапта Абайдың "Китаб тасдиқ" шығармасын талдайтын ғылыми комментарийлер бар.

Абай Қалшабек және Әзімхан Исабек.jpg

Кітапта "Китаб тасдиқ" туындысының факсимилиесі, транскрипциясы, сөздігі бар. Оған қоса Абай шығармаларын қолжазба күйінде көшірген Мүрсейіт Бікіұлы жазған қолжазба түпнұсқасын берді, яғни кітаптың шағатай тіліндегі қолжазбасын алып жарияладық. Одан
бөлек осы Абайдың 38-ші қара сөзі аталып кеткен "Китаб тасдиқ" еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасына шет тілден енген 310 сөздің түсіндірме сөздігін жаздық. Ешқайсысын қалдырмадық. Мәселен, сөздікте 280 араб сөзі, 22 парсы, 3 латын, 1 грек тілінен енген сөз бар. Авторлар соны біртіндеп түсіндірді. Сөзді білген сайын, шығарманы түсіну оңай болады. Абай Құнанбаев – интеллектуалды ұлттық жарқын үлгісі. Ол сонау 19 ғасырда Семей даласында тұрып, 5-6 тілді еркін пайдаланып, шығарма жазған. Шәкіртім Әзімхан Исабек "Китаб тасдиқ" туындысының түпнұсқа шағатай тіліндегі нұсқасының тұңғыш транкскрипциясын жасады. Мұхтар Әуезов 1940 жылы латын графикасымен шығарған "Китаб тасдиқ" көшірмесі бар. Сол кезде Мұхтар Әуезов сөзді қалай аударып берген, соның да үлгісін бердік. Шәкіртім Әзімхан Исабек осы "Китаб тасдиқ" еңбегін тұңғыш рет зерттеу объектісіне айналдырды. Мұндай шығарманы арнайы үлкен еңбек жазып, ешкім көлемді ауқымда талдамаған. Бұл кітапты оқыған адам, көп мағлұмат алады. Танымдық тұрғыдан өте пайдалы еңбек алды, - дейді Абай Қалшабек.
Әзімхан Исабектің айтуынша, кітапты дайындауға тұтас команда жұмыс істеген. Редакция алқасына М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова жетекші болған.

Кітап әзірге 100 данамнен шықты. Мақсатымыз  – халыққа жедел жеткізу болды. Наурыз айының ортасында университетімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция болады. Сол конференцияда кітаптың таныстырымын өткіземіз. Кітап әзірге университетке қойылады. Кітапты басып шығаруға Дария Пернешқызы қолдау көрсетті. Кітапты сұрап, қызығушылық танытып жатқан адамдар көп. Алдағы уақытта тиражын көбейтіп, тағы шығару жоспарымыз бар, - дейді Әзімхан Исабек.

Өзгелердің жаңалығы