Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бірқатар алаяқтық әрекеттерге қатысы бар. Соның салдарынан қала тұрғындарына 80 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
.jpg)
Мәселен, күдікті таныс кәсіпкер әйелді алдап, алтын әшекей бұйымдарын заңсыз иемденген. Аталған кәсіпкер алтын зергерлік бұйымдарды сатумен айналысқан.
Сонымен қатар әйел азаматтарға шетелге туристік сапарларды қолжетімді бағамен ұйымдастырып беремін деп уәде берген. Осы сылтаумен турлар үшін алдын ала төлем алып, бірақ уәде етілген сапарларды ұйымдастырмаған әрі ақшаны қайтармаған.
Аталған деректер бойынша күдіктіге қатысты халықаралық іздеу жарияланған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын және қылмыстық әрекеттің мүмкін болатын қосымша эпизодтарын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.