Шымкентте 750 млн теңгелік жоба тоқтап қалған: Прокуратура мәселені шешті

Шымкентте прокуратура инвесторға жер учаскесін алуға көмектесті.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 10:43
Бүгiн 2026, 10:43
237
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Шымкент қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен, инвестициялық жобаны іске асыру үшін жер учаскесін алу мәселесінде инвесторға қолдау көрсетті.

«OxyLine» ЖШС ауыз су мен алкогольсіз сусындар өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 750 млн теңгені құрайды. Нәтижесінде 30 жаңа жұмыс орны ашылады.

Прокуратура жүргізген талдау барысында инвесторға жер учаскесін беру мәселесі бұрын Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, қолдау таппағаны анықталды. Сонымен қатар қабылданған шешімнің жеткілікті негіздемесіз болғаны белгілі болды.

Мәселені жедел шешу мақсатында прокуратура прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Оның нәтижесінде инвесторға «Бозарық» индустриялық аймағынан жер учаскесі бөлінді.

Қазіргі уақытта әкімшілік кедергілер толықтай жойылып, инвестор жобаны іске асыру жұмыстарын бастады.

Наверх