Шымкентте 65 отбасы баспаналы болды

28 Сәуір 2023, 08:08
554
Бөлісу:
Шымкентте 65 отбасы баспаналы болды
Фото: syrboyi.kz

Шымкент қаласында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 65 отбасы арендалық баспанамен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде, 50 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы толық емес отбасыларға, 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтарға берілді.

Жаңа баспаналар 189 орамда орналасқан.

Биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды, - деп жазды әлеуметтік желдегі парақшасында Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы