Шымкентте 5G станциялары орнатылады

2 Наурыз 2023, 23:55
1119
Бөлісу:
Шымкентте 5G станциялары орнатылады
Фото: mediasat.info

Биыл Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату көзделіп, келісім жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылдың өзінде мобильді операторлармен бірлесе қаладан шалғай орналасқан 14 елді мекенге антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнатылған.

Қойылған құрылғылар арқылы 71 мыңға жуық қала тұрғынына сапалы интернет желісі қолжетімді болды. Олар: Асар, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (автоцон), Ақжар, Ақтас және Ақжайық шағын аудандары.

Ал биыл мобильді операторларымен бірлесе интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату көзделіп, келісім жүргізіліп жатыр. Жуырда шаһар орталығына 5G технологиясымен 10 базалық станция орнатылмақ. Қазіргі сәтте станция қойылатын нүктелер анықталып, құрылғылар орнатылуда, – деп хабарлайды қалалық цифрландыру басқармасы.

Басқарма мәліметінше, алдағы екі айда монтаж жұмысы аяқталып, жоғары жылдамдықтағы интернет іске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы