Шымкентте 5 айда 5 жаңа кәсіпорын ашылды

1 Шілде 2022, 15:35
1274
Бөлісу:
Шымкентте 5 айда 5 жаңа кәсіпорын ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. 

Айтуынша, халықтың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. 

Бұл бағытта биыл 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі 2,3 млрд теңгені құрап, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын іске қосылды. Олардың ішінде Орталық Азияда теңдесі жоқ «Алюминий банкілерінің өндірісі» жобасын атап өткім келеді. Жобаның құны 23,4 млрд теңгені құрап, онда 145 жұмыс орны ашылды. Жобалық қуаттылығы жылына 500 млн дана алюминий банкілерін шығарады. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60%-ын алмастырады, - деді мегаполис басшысы. 

Сондай-ақ жоспарланған жобалардың ішінде қала экономикасы үшін түсті металл концентраттарын алу зауыты іске қосылады деп отыр. 

Мыс, қорғасын, мырыш, алтын сынды металдарды қамтитын жобаның құны 8,5 млрд теңге. Жоба 250 жаңа жұмыс орнын ашуға қауқарлы. Бұл – қала үшін маңызды. Себебі бұрынғы қорғасын зауыты аумағындағы қорғасын қалдықтары тазартылып, қаланың экологиясына оң әсер ететін болады. Жалпы, қаладағы 4 индустриялық аймақта 185,3 млрд теңгеге 130 жоба іске асырылып, 8,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, - дейді Мұрат Әйтенов. 

Өзгелердің жаңалығы